ОТБАСЫ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ
Отбасы күнін мерекелеу аясында Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментімен оған бағынысты мекемелер арасында өскелең ұрпақты отбасылық құндылықтарды сақтай білуге, рухани - имандылыққа тәрбиелеуге бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді.Отбасылық спорттық сайыс, отбасы және балалар мәселелерімен айналысатын құзырлы органдардың мамандарымен кездесу, отбасылық фотосуреттер көрмесі, психологиялық тренингтер ұйымдастырылды. Осы шаралардың қорытындысы ретінде Қызылорда Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап-ғылыми кітапхананың мәжіліс залында Отбасы күні салтанатты түрде аталып өтті.
Іс-шараға Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарының қызметі, Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда филиалы қызметкерлері отбасыларымен бірге қатысты.
Іс-шараны Департамент бастығы азаматтық қорғау полковнигі О.Бержанов құттықтау сөз сөйлеп, ұжымның 80 % астамы отбасылы екенін, оның ішінде көп балалы отбасылар саны да аз еместігін мақтанышпен атап өтті. Уақытпен санаспай, тәуліктің кез-келген мезгілінде еліне адал қызмет етіп жүрген құтқарушылардың қызметіне түсіністікпен қарап, қолдау көрсетіп жүргені үшін олардың отбасыларына алғысын білдірді.
«Қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттауға бағытталған осындай іс-шаралардан жастардың, отбасын құрмаған қызметкерлердің алар тәлімі мол» - деді өз сөзінде Департамент бастығы О.Бержанов.
Іс – шарада Департамент пен оған бағынысты мекемелерден анықталған үлгілі отбасылар арнайы Дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінен өртке қарсы қызметшілер әулеті Қайрақбаевтар отбасы үлгілі отбасы деп танылды. Бодан Қайрақбаев 1952-1975 жылдары Қызылорда қаласындағы өрттен қорғау саласында әр түрлі қызметтер атқарып, құрметті зейнет демалысына шыққан. Сламбек Боданұлы Қайрақбаев әке жолын қуып, өрт сөндіру саласында 1980-1997 жылдары қызмет етіп, майор шенімен зейнетке шықты. Бүгінде жары Айнашпен бірге балалары мен немерелерінің ортасында ғибратты ғұмыр кешуде. Руслан Сламбекұлы Қайрақбаев Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі. Отбасында жары Айнұр екеуі 1 қыз, 2 ұл тәрбиелеп, берекелі жанұяны құрап отыр.
Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарының қызметі бойынша Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының бастығы азаматтық қорғау майоры Жандаулет Өндірейдің отбасы, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда филиалынан аға фельдшер Досаева Жазираның отбасы, Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағынан құтқару бөлімше басшысы –құтқарушы Елмұрат Ғалымжанның отбасы үлгілі отбасы номинациясымен марапатталды.
Салтанатты іс-шара барысында қызметкерлер мен олардың отбасылары
Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры әртістерінің Қомшабай Сүйенішевтің «Кемпір – шалдың кенжесі» атты спектаклінен үзінді қойылымын тамашалап, қызметкерлердің салған әсем әндерін тыңдап, ерекше әсер алып қайтты.
Г. МИЗАНБАЕВА,
Қызылорда облысы ТЖД
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы