ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕР АРАСЫНДА ТІЛ САЙЫСЫ ӨТТІ
Қазақстан халқының тілдері күніне орай №198 орта мектебінде Қызылорда облыстық ассамблея хатшылығы және «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен этномәдени бірлестіктер арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты облыстық байқау өтті.
Байқаудың мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және мәртебесін көтеру, этномәдени бірлестік өкілдерінің мемлекеттік тілді білу деңгейін арттыру.
Мақал-мәтелдер сайысы, қазақтың ұлттық әндерін, жыр-шумақтарын нақышына келтіріп орындау, тарихтан, салт-дәстүрден қойылатын сұрақтарға жауап беру т.б. төрт кезеңнен тұратын байқауға бес топ қатысып, бақтарын сынады.
Қазылар алқасының шешімімен, көрермендер көзайымына айналған барлық қатысушыларға алғыс хаттар және жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар, байқаудың ресми жеңімпаздары ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясындағы Қазақстан халқы тілдерінің мерекесі күніне орай 2016 жылдың 22 қыркүйегінде өтетін «Тіл – татулық тірегі» облыстық фестивалінде дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады делінген ассамблея хатшылығы баспасөз қызметінің мәліметінде.