ҚР-ДА АГРОӨНЕРКӘСІПКЕ САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ 56%-ҒА АРТТЫ
Қазақстанда ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі 4,9%-ға ұлғайды.
Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.
"Ауыл шаруашылығында өндіріс көлемі 4,9%-ға ұлғайды, оның ішінде өсімдік шаруашылығында -12%-ға және мал шаруашылығында - 2,3%-ға. Ауыл шарауашылығындағы орнықты нәтижелер инвестициялық субсидиялар бойынша мемлекеттік қолдауды 2 еседен артық ұлғайту есебінен, агроөнеркәсіпке салынған инвестициялардың айтарлықтай - 56%-ға өсуіне байланысты болды деуге болады. 2016 жылы инвестициялар 2015 жылғы 6,1 млрд. теңгеден 12,7 млрд. теңгеге дейін өсіп отыр", - деді министр.
Оның айтуынша, Маңғыстау облысын (16,7%-ға төмендеу) қоспағанда, барлық өңірлерде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің өскені байқалуда.
Ведомствоның ақпаратынша, негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемі 4,3 трлн. теңгені, оның ішінде үштен бір бөлігінен астамы (36,9%) - 1,5 трлн. теңгені мемлекеттік инвестициялар мен ұлттық холдингтер қаражаты құрады. Тікелей шетел инвестицияларының ағыны бірінші жартыжылдықта бес есе - 5,7 млрд. АҚШ долл. дейін ұлғайды.