ЗЕЙНЕТКЕРЛІК ДЕМАЛЫСЫНА ШЫҒАРЫП САЛДЫ
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесінің ұжымы мекеменің орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Имбетов Ғани Прмаханұлын, кәсіби даярлық мектебінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Жұмабаева Айгүл Аманжолқызын, жедел кезекшісі азаматтық қорғау майоры Абуов Нұрбол Татайұлын зейнеткерлік демалысына шығарып салды.
Мереке иелері осыдан 18 жыл бұрын еңбек жолын құтқарушылар қатарынан жас мамандар болып бастаған. Имбетов Ғани Прмаханұлы қарауыл бастығы болып бастаса, Жұмабаева Айгүл Аманжолқызы радиобайланысшы болып бастады.
Зейнеткерлердің айтуынша қызметтің жұмысына белсенді қатысуға, ұйымдастыруға күш және көп уақыт өтті. Өрт сөндірушілер үлкен ақша немесе атақ үшін жұмысқа бармайды, сырттан қарағанда, жұмыс әлдеқайда қызықты болып табылады. Қызмет барысында азаматтық қорғау полковнигі Имбетов Ғани Прмаханұлы бірнеше күрделі өрттерді жоюға қатысты. Биыл Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі су тасқыны салдарын жою үшін, оның басшылығымен 30 құтқарушы біздің еліміздің солтүстік тұрғындарына көмек берді.
Азаматтық қорғау подполковнигі Жұмабаева Айгүл Аманжолқызы теорияны білмей, өрт сөндіруші болу қиын деп санайды. Өзінің еңбек жолында жас мамандарға білім мен тәрбиені қоса беріп, ол елеулі үлес қосты. Көкшетау техникалық институтын бітірген соң, 2004 жылдан бастап кәсіби дайындық мектебі мұғалімінің басты міндеті өрт сөндіруші болуға үйрету болды. Жұмабаева Айгүл Аманжолқызы 10 жыл бойы жаңадан келген қызметкерлерді өрт сөндірудің қыр-сырын үйретті.
Абуов Нұрбол Татайұлы өрт сөндіру қызметінде 2000 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді. Азаматтық қорғау майорының қызметтік тізімі өте мол. Жүргізушіден бастап жедел көмекшісіне дейін ол 16 жыл қызмет атқарды. Осы жылдар ішінде Абуов Нұрбол Taтaйұлы бірнеше күрделі өрт жоюға қатысты. Адамдарды өрттен құтқару кезінде, ол өрт болған жағдайда біліктілігін кәсіби маман ретінде бірнеше рет көрсетті.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Көкеев Әділ Мұсахметұлы көп жылдық және жемісті еңбектері үшін алғысын білдіріп, зор денсаулық тілеп және естелік сыйлықтар табыс етті.
Іс-шара №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде жалғасты. Зейнеткерлер дәстүр бойынша қаза болған өрт сөндірушілер ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бөлімнің өрт сөндіру автокөліктерінің дабыл белгісі бір уақытта берілді. Дабыл белгісі ойналғанда бейбіт күннің батырларына өмірінің жаңа кезеңі басталғандай болды.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметі