ЕРІКТІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
Жаңақорған ауданындағы «Талдысу» демалыс аймағында «Еріктілер бағдарламасын қайта жаңғырту» тақырыбында екі күндік семинар-тренинг өтті. Шара Біріккен ұлттар ұйымының "БҰҰ еріктілері" агенттігі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, сондай-ақ Ұлттық еріктілер желісінің бастамасымен ұйымдастырылған.
Семинар-тренингке ішкі саясат басқармасының 29 өкілі, облыстық жастар ресурстық орталығы, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, облыстың ең белсенді еріктілер тобы қатысты. Шараның тренері Ұлттық еріктілер желісінің төрайымы Вера Ким түрлі салалардағы еріктілерді қолдау және олардың қоғамдағы құндылығын арттыру маңыздылығына тоқталды.
Екі күндік жұмыстың қорытындысында әр бір қатысушының 2017 жылғы ұйымның тұрақты дамуына арналған жұмыс жоспарының қолжазбалық жобасы болды.