НЕМІС ЭКСПЕРТТЕРІ ТӘЖІРИБЕ БӨЛІСУДЕ
Германиядан келген профессор Фритц Мильтнер мен доктор Ута Мильтнер екі аптадан бері Қызылордадағы «PrimeClinic» медициналық орталығының мамандарымен тәжірибе бөлісуде, - деп хабарлады «Даму» қорының баспасөз қызметінен.
Қор арқылы шет елден эксперт шақыртуға болатынын естіген серіктестік директоры Гүлфарида Әбдіразақова кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келіп, «SES-эксперт» жобасына өтініш берген болатын. Кеңесшілер осы орайда Қызылорда облысындағы «Аға эксперттер қызметі» жобасының ресми өкілі, «ПРЭКО Кызылорда» консалтингтік компаниясымен бірлесіп екі неміс экспертін шақырды. Олар екінші апта бойы медициналық клиникада эксперттік миссиясын орындауда. Персоналды оқытып, тәжірибелерімен бөлісіп, емделушілерді қабылдауда.
Соңғы уақытта тұрғындар арасында омыртқа жарығы, тітіркену ауруларына шалдыққандар саны артқан. Бұл дерттерді тиімді емдейтін кәсіби білікті мамандар жетіспейді. «Prime Clinic» мединицалық клиникасының директоры осы себепті сырттан көмек сұраған.
Профессор Фритц Мильтнер – нейрохирургиялық отаның барлық негізгі бағыттары бойынша сан қырлы білімі мен көп жылдық тәжірибесі бар маман. Жедел емдеудің нейрохирургиялық тәсілдерін де (омыртқа, бас және жүйке жүйесі) жетік меңгерген. Омыртқа ауруларын анықтау, минималды енгізу әдісімен хирургиялық отаны консервативті тәсілдермен емдеудің барлық жиынтығының білікті маманы. Университетте тәлімгер-профессор ретінде оқыту жүйесінде де тәжірибесі жоғары. Сондықтан да жоба аясында ол жергілікті дәрігерлерге нұсқаулар беріп қана қоймай, науқастардың ауруын анықтау мен емдеудің маңызды техникаларын үйретуге дайын.
Ал доктор Ута Мильтнер – медицинаның барлық басым бағытында тәжірибесі мол маман. Гериатриялық ауруларды анықтап, емдей алады. Аллергияны емдеуде жалпылама және арнайы емдеу тәсілдерін қолданады. Сусамыр дертіне шалдыққандарды күтіп-баптау бойынша білікті дәрігер. Эксперт қызметінің өзгеше бағыты ретінде дәрігерлік клиниканы ұйымдастыру, менеджмент пен оны ұйымдастыру жағынан білімін әрі тәжірибесін атап өткен жөн.
- Мен шетелдік эксперттің кеңесіне жүгінуге шамамыз жетпейді деп ойлайтынмын. «SES-эксперты» бағдарламасына қатысып, бірден екі экспертті шақыртуға мүмкіндік алдым. Эксперттің гонорары мен жолсапар шығындарын аға эксперттер қызметі өтеді, - дейді Гүлфарида Әбдіразақова.
Кәсіпкерлер бизнестеріне шетелдік экспертті шақырту үшін «Даму» қорының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келіп, өтінімге компанияның мәселелері мен маманның міндеттерін көрсетеді.
Бағдарламаның негізгі мақсаты - әрбір кәсіпкер өз мекемесіне Германиядан кез келген сала бойынша тәжірибелі экспертті персоналдың біліктілігін арттыруға, әлемдік тәжірибе жинақтау, жаңа бизнес бастау мен әрекет етуші бизнесті дамыту, өтімділікті арттыру мен Еуропадан құрал-жабдықтар іздеу, оған тапсырыс беру сияқты басқа да мәселелер бойынша шақырту мүмкіндігін туғызу. Бағдарлама тарапынан эксперттің екі бағыттағы ұшу шығыны мен виза және сыйақысы төленеді. Кәсіпкер тарапынан тек экспертті тұрғын үймен, ас-ауқатпен қамтамасыз етіп, тәулігіне 5 еуро ғана төлеу міндеті жүктеледі.
Аталған бағдарлама Германия мен Қазақстан арасындағы тығыз әріптестік аясында шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында жүзеге асырылуда.