ОРАЛМАНДАР АЗАМАТТЫҚ АЛУ ҮШІН ҚҰЖАТТАР ЖИНАУ КЕЗІНДЕ ЖЕҢІЛДІКТЕР БОЛҒАНЫН ҚАЛАЙДЫ
Кеше Қызылорда облысы ІІД Көші-қон полициясының ғимаратында облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығы «Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығының жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында ашық есік күнін өткізді.
«Оралмандардың азаматтық алу мәселелері» тақырыбында өткен шараны «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығының төрайымы Қ.Ерімбетова ашып, оралмандарға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектер жөнінде айтты. Ашық есік күні аясында ОІІД, көші-қон полициясы басқармасының бөлім басшысы, полиция майоры Досжан Байжанов азаматтық алу мәселелері туралы ақпарат берді және қандас бауырларымызды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берді. Қатысушы оралмандар тұрақты тіркеуге тұру, азаматтық алуға қажетті құжаттар жинау кезінде бірталай қаражат жұмсалатындығын айтып, жеңілдіктер жасау туралы ұсыныстарын жеткізді.