КОРЕЙ ДӘРІГЕРЛЕРІ ҚАРМАҚШЫДА
Бірлігі жарасқан мекен ІІІ-Интернационал ауылына Оңтүстік Кореяның Гуанджу қаласындағы клиниканың бас дәрігері Яң Хан Мо бастаған білікті дәрігерлер келіп, бір күн ішінде 500-ден астам адамға тегін медициналық қызмет көрсетті. Бұл туралы Қармақшы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Дәрігерлік қызмет көрсету барысында ауыл тұрғындары отбасылық дәрігерлер мен сирек кездесетін білікті мамандардың қабылдауында болды. Құрамында хирургия, терапия, стоматалогия, оториноларингология, офтальмология, гинекология, және косметологтар тобы мен барлығы 35 маман ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсетіп, көптеген дәрі-дәрмек пен дәрумендерді тегін таратты. Енді корейлік дәрігерлер тобының сапары Қызылорда қаласында жалғасын таппақ.
Айта кетейік, бұған дейін де Яң Хан Мо бастаған топ 2014 жылы Қызылорда қаласында этникалық кәріс өкілдерінен бастап, басқа да қала тұрғындарына тегін медициналық қызмет көрсеткен болатын.