«НҰР ОТАН»: ЕЛБАСЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
Мұхтар Құл-Мұхаммед «Нұр Отан» партиясының барлық аймақтық филиалдары басшыларымен жиналыс өткізді. Аталған іс-шарада ол партия жұмысының алдағы уақыттағы негізгі басым бағыттарын атап көрсетті. Әсіресе, Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мемлекет басшысының Парламенттің жаңа сессиясының ашылуы мен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларына айрықша назар аударды делінген партияның ресми сайтында.
«Мемлекет басшысы «Нұрлы жол», индустриалды-инновациялық бағдарлама, «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Агробизнес-2020» сынды маңызды мемлекеттік жобаларды жемісті іске асыру үшін барлық қажетті жағдайды жасады. Оларды жүзеге асыру үшін тек осы жылдың өзінде триллион теңгеден астам қаржы бағытталды. Одан бөлек, биыл Президенттің шешімімен еліміздің даму жолындағы басым бағыттарды жүзеге асыру мақсатында 380 миллиард теңге қосымша қаражат бөлінді. Бүгінде бизнеске деген мұндай қолдау әлемнің ешбір елінде жоқ. Елбасымыздың тапсырмасы бойынша жаңа «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы жүргізілетін болады. Соның арқасында еліміз бойынша ондаған мың қазақстандық өз баспаналарына қол жеткізеді. Мұндай бастамалардың басты мақсаты – халықтың жағдайын жақсартып, өзекті мәселелерді шешу. Ал, «Нұр Отан» партиясының міндеті, біріншіден, Президент берген жаңа тапсырмалар жөнінде бүкілхалықтық талқылаулар ұйымдастыру, екіншіден, олардың жүз пайыз орындалуын қамтамасыз ету», – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.
Жиын барысында «Нұр Отан» партиясы аймақтық филиалдарының басшылары өз өңірлеріндегі жұмыс жағдайы туралы баяндады.
Өңірлердегі жұмыстарға оң баға берген «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары мұқтаждардың мәселелерін шешуде партия барша қазақстандықтарға үлгі көрсетуі керектігін атап өтті.
Сонымен қатар, Мұхтар Абрарұлы «Мектепке жол» республикалық акциясына қатысқан партияластарға алғысын білдірді. Аталған акция аясында аз қамтылған отбасылардың мыңдаған баласына мектепке қажетті киім-кешек пен оқу құралдары берілді. Өз сөзінде Мұхтар Құл-Мұхаммед әріптестерін халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына үнемі қамқорлық көрсетуге шақырды.
Жиынды қорытындылай келе, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мемлекет басшысының Үкіметтің жаңа құрамын бекіткеніне назар аударды. Елбасының Үкіметке Қазақстанды әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа сатысына алып шағатын ауқымды жобаларды жемісті жүзеге асыру жөнінде нақты тапсырмалар бергенін де тілге тиек етті.
«Барлық қажетті бағдарламалар қабылданып, тиісті қаражатпен қамтамасыз етілді. Енді сіз бен біз Елбасы тапсырмаларының орындалуын қатаң бақылауымыз керек», – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.