ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, екпінді жел соғады. Тек оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз. Батыста, солтүстікте және шығыста кей жерлерде тұман байқалады, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазгидрометтің ақпаратынша, Маңғыстау, Қостанай, күндіз Ақтөбе облыстарының кейбір аудандарында жел 15-20 м/с дейін күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 18-23 м/с дейін барады. Батыс Қазақстан, Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында да жел тұрады. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан өңірлерінде – тұман. Оңтүстік Қазақстан, Атырау, сондай-ақ Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.