КЕЛЕР ЖЫЛЫ ЖОО-ДА АКАДЕМИЯЛЫҚ ДЕРБЕСТІК ЖҮЙЕСІ ТОЛЫҒЫМЕН ЕНГІЗІЛЕДІ
Еліміздің жоғары оқу орындарында академиялық дербестік жүйесі келер жылдың ортасында толық енгізіледі. Бұл туралы жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім департаментінің директоры Дархан Ахмад-Зәки мәлім етті. Яғни университет жетекшілері оқу бағдарламасын өз қалауы бойынша қалыптастыра алады. Сондай-ақ басқару дербестігін беру үрдісі де өз жалғасын табуы тиіс. Қазіргі таңда 3 университет акционерлік қоғам мәртебесіне ие. Алдағы уақытта тағы 25 жоғары оқу орны коммерциялық жүйеге өтеді. Енді бұл оқу орындары қосымша қаржы көздерін табуға міндеттеледі.
Дархан Ахмад-Зәки, ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры:
- Қаржыландыру қайдан болу мүмкін? Қазіргі тұрғыда өндірістен келеді деген ойдамыз. Егер өндіріс жағынан таза қызығушылық болмаса, онда кез келген ізденіс қалып қояды. Яғни қоса қаржыландыру болады. Мемлекет тарапынан бөлінетін қаражатпен қоса инвестор табуға болады.