ҚАЛА ӘКІМДІГІ: ЖЫЛУ МАУСЫМЫНДА «ПРОБЛЕМА» БОЛМАЙДЫ
Өткен жылы облыс орталығындағы жылу құбырларының 11 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл және 6,5 шақырымы ауыстырылуда. Қалада қысқа дайындық қарқынды жүруде, деп хабарлады «Қазақстан-Қызылорда» арнасы. Бір айдан кейін жылу маусымы басталады. Пәрменді әрекет жылу құбырларының жаңғыртылуымен байланысты, дейді қала басшылығы.
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Қызылорда қаласына 997 миллион теңге бөлінді. Қазір жеті жобамыз әзірленуде. Қазір бұл жерде 6,5 шақырым жылу жүйелерінің құбырлары қайта жаңғыртылуда. 2015 жылы 3 млрд. теңгеден астам қаржы бөлініп, 11 шақырым жылу жүйлері ауыстырылған болатын. Еуропалық қайта жаңғырту банкі арқылы 1,5 миллиард қаржы бөлініп, 3,5 шақырым жылу жүйелері ауыстырылып, 66 нысанға автоматтандырылған жылу жүйелері орнатылды, - дейді қала әкімінің орынбасары Асылбек Шәменов.
Қазір Еуропалық даму және қайта құру банкімен тығыз жұмыс жасалуда. Нақты 10 жоба дайын. Олар жүзеге асқан уақытта қалада жылу жүйелері толықтай қайта жаңғыртылмақ. Бір айта кетерлігі, әлеуметтік нысандар жаңа маусымға дайын. Сондай-ақ, отын қоры да жасақталып қойды. Мамандар жылу маусымында ешқандай «проблема» болмайды деп отыр.