ӨТІП ЖАТҚАН «БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯСЫ» ФОРУМЫНА 60-ТАН АСТАМ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМ ҚАТЫСТЫ
14 қыркүйекте Астанада «Болашақ энергиясы: баршаға қуат» халықаралық форумы өз жұмысын бастады. Бұл «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі қарсаңында өткізілетін маңызды тақырыптық шаралардың бірі.
Бұл «Болашақ энергиясы» форумының: СО2 шығындарын азайту, энерготиімді өмір салты, баршаға қуат тақырыптарынан құралған үш жылдық циклін аяқтайды. Іс-шара ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбы мен тақырыпшалары бойынша зерттеу жобаларының алаңына айналды.
Форум – көрменің «Болашақ энергиясы» тақырыбын ашады, онда энергетика саласының майталман мамандары, жетекші сарапшылар, ғалымдар, қоғамдық және үкіметтік емес ұйым мүшелері, мемлекеттік орган секторы қатысты.
Басқосу аясында тұрақты энергетика, энергоүнемділік пен энерготиімділік, СО2 шығындарын азайту мәселелері әлеуетінің дамуы талқыланып, сондай-ақ, бұл мақсатқа жетудегі халықаралық ұйым рөлі қаралды.
«Біз Астанада болатын көрмеге халықаралық қауымдастық тарапынан үлкен қызығушылықтың бар екендігін көріп отырмыз. Бүгінде ЭКСПО-2017 көрмесіне 103 мемлекет пен 18 халыралық ұйым қатысатындығын растады» - деді Форумның салтанатты ашылу сәтінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Ахметжан Есімов.
Көрме нысандарының құрылысы кестеге сәйкес жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 85 пайызы бітті.
ЭКСПО-2017 көрмесіне халықаралық деңгейде билет сатылу басталды. Халықаралық Көрмелер Бюросымен келісулер нәтижесінде билет құнының мейлінше төмен бағада сақтап қалуға қол жеткізілді. Бұл қазақстандықтардың басым бөлігі көрмеге келіп, мейлінше шетелдік туристерді тарту үшін жасалды.
Ертең біз «Үздік тәжірибелер аймағы» павильонына орналастыру үшін дүние жүзі бойынша қолданыстағы үздік тәжірибелерді іріктеу бойынша байқауды тәмамдаймыз. Үздік тәжірибелер аймағы – негізінен көрме тақырыбына қатысты әлемдегі жүзеге асырылып жатқан ең мықты технологиялар, жобалар, құрал-жабдықтар, өнімдер жинақталған «көрменің жүрегі» - деді өз сөзін қорыта келе А.Есімов.
Халықаралық қауымдастықтың дамуы жолындағы ЭКСПО-2017 маңыздылығын Халықаралық көрмелер бюросының Бас Хатшысы Висенте Лоссертелес ерекше атап өтті. «ЭКСПО-2017» халықаралық компанияларды қолдауда әсіресе, бүгінгі экономиканың ең бір перспективалы саласы – жаңғыртылатын энергия көздерін игеруде айрықша мүмкіндік ұсынып отыр.
Жалпы, форум жұмысына 60-тан аса халықаралық ұйым өкілдері қатысты.