ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛАДЫ
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәжіліс залында «Бас бостандығынан айыру орындарында адамдардың құқықтарын сақтау және өзара іс-қимыл мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Жиынға департамент бастығының орынбасары Т.К.Тұрсынбаев, Қызылорда облысы прокурорының көмекшісі Д.Е.Әбіш, Қызылорда облысы бойынша Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының жетекшісі – облыстық Қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы С.М.Теңізбаев, Қызылорда облысы бойынша ҰААТ қатысушысы – ҚБК мүшесі М.Балғараев, ҚБК мүшесі – «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының заңгері С.Т.Алшынбаев, ЗК-169/1 түзеу мекемесінің бастығы Ж.С.Қарсақбаев, ЗК-169/4 түзеу мекеме бастығының орынбасары Р.Мұқанов, ЗК-169/5 түзеу мекемесінің бастығы Т.Ш.Қалымбетов және ҚАЖД-ның тиісті қызметкерлері қатысты.
Дөңгелек үстелде, қатысушылардың баяндамалары, ҚБК және ҰААТ-мен жүргізілген мерзімдік және аралық тексеру нәтижелері тыңдалды. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеушілердің құқықтарының қорғалуы туралы сөз болды. Сонымен қатар, прокуратура органдарының, ҚАЖД-ды мен оған қатысты түзеу мекемелерінің ЖБК және ұлттық алдын алу тетігімен өзара іс-қимылдары мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстел қорытындысымен жазылған хаттамада тиісті шешімдер қабылданды.
«Қызылорда облыстық тұтынушылардың
құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігі