ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНАН 16 КӘСІПКЕР ДБҰ «НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ» ТЕГІН ОҚУДАН ӨТТІ
Ағымдағы жылы ДБҰ «Назарбаев университетінде» өткен тегін оқыту семинарына Қызылорда облысынан 16 шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджерлері қатысты.
«Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджентін оқыту» жобасының қатысушылары оқу соңында жоба туралы оң пікірлерін білдірді. Оқу барысында кәсіпкерлер бірден қолдана алатын кеңестермен қатар, болашақта пайдасы тиетін де ақпараттарға қанықты.
Көпшіліктің пікірінше, «Назарбаев Университетіндегі» оқыту семинары сапасы жағынан халықаралық деңгейде ұйымдастырылған және ондағы талқыланған тақырыптар әрекет етуші кәсібі бар бизнесмендерге аса маңызды болғаны қуантады. Сондай-ақ жобаға қатысушыларды оқыту семинарына арнайы шақыртылған бизнес-тренерлердің кәсіби біліктіліктілігі оларды қатты таң қалдырған.
- Біраз қызықты тақырыптар мен кәсіпкерлік мысалдары және жаңа бірегей жобаларды құруға керекті үрдістер туралы ақпараттар мені жаңа идеяларға алып келді. Бізге үздік әрі кәсіби тренерлерден осындай маңызды білім алуымызға мүмкіндік берген «Даму» Қорының Қызылордалық филиалына алғысым зор, - дейді бизнес-леди Гүлмира Қаппар.
«Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджентін оқыту» жобасының тағы бір қатысушысы Айнұр Бермағанбетова семинарда алған тиімді білім мен ақпаратты іске қолдана отырып, Астана қаласынан жаңа оқу орталығын ашты. Қармақшы ауданы Төретам кентінің кәсіпкері ағымдағы жылдың басында «Даму» Қорының 50% кепілдендіруінің арқасында ЕДБ несие рәсімдеп, туған ауылында 120 орындық балабақша ашты. Ауылдық кәсіпкер осыдан соң өзінің кәсіпкерлік ауқымын кеңейтіп, Астанада тағы бір оқу орталығының есігін ашты. Айнұр Бермағанбетованың сөзінше, тренерлермен бірге табысты жобалардың бизнес-модельдерін талқылау нәтижесінде, ол үлкен мүмкіндіктері бар өзге қалада қосымша бір бизнесті бастауына болатынын ұғып, жоспарын жүзеге асырды.
«Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту» жобасының мақсаты табысты бизнесті құрудың жаңа модельдерін енгізу, әрекет етуші кәсіпорынды тиімді басқару және «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасы аясында АОО «Назарбаев Университеті» бизнестің жоғары мектебі базасында шетелдік оқыту орталықтарын жұмылдыра отырып, стратегиялық және тактикалық бизнес-тапсырмаларды шешу бағытында жүзеге асырылуда.
Оқыту бірнеше кезеңнен тұрады, ал оның соңында кәсіпкерлерге «Назарбаев Университеті» мен Дьюк Университетінің бірлескен сертификаты беріледі. Сонымен қатар, кәсіпкерлер «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасы аясында «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша шетелге іс-тәжірибелік сапарға баруға өтініш тапсыруға мүмкіндіктері бар.