ҚЫЗЫЛОРДАДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ
Бүгін аймақ басшысы Қ.Көшербаев «Педагогикалық-психологиялық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ашылу салтанатына қатысты. Мекеме облыс әкімінің қолдауымен облыстық білім басқармасы, «Дара» республикалық қайырымдылық Қоры мен «ҚОР» Мұнай компаниясының өзара меморандумы аясында ашылып отыр.
- Баршаңызды педагогикалық-психологиялық түзету кабинетінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Жалпы білім беретін мектепте даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қолайлы жағдай жасау - біздің басты міндетіміз. Облыстағы мүмкіндігі шектеулі 5744 баланың 1775-і жалпы орта білім беру мектептерінде оқиды. Оқыту–тәрбиелеу, түзету, құқықтық кеңестер беру жұмыстарын жүргізу мақсатында 17 арнаулы білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Мәселен, 2014 жылы мүмкіндігі шектеулі балалар арнайы біліммен 29,2%, инклюзивтік біліммен 31% қамтылса, 2015 жылы арнайы біліммен 30,4%, инклюзивтік біліммен 46% қамтылды. Келер жылы арнайы біліммен қамтуды 35%-ға дейін жеткізу, ал инклюзивтік білім алуға жағдай жасаған білім беру ұйымдарын 23%-ға дейін дамыту көзделуде. Педагогикалық-психоголиялық түзету кабинетінің ашылуымен тағы да құттықтай отырып, бала саулығы мен оқыту жолындағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Содан соң облыс әкімі ізгілікті істер басынан табылған «Дара» қайырымдылық қорының құрылтайшысы Гүлнәр Досаеваға және «Қор» Мұнай компаниясының бас директоры Марат Нұрпейісовке алғыс хат табыстады. Мекеменің жасақталған ЛФК залы, дефектолог, Монтессори, психолог, сурдопедагог және логопед кабинеттерінің жұмыстарымен танысты.
Айта кетейік, «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» жанынан инклюзивтік білім беру жағдайындағы ресурстық орталықтың жұмысын ұйымдастыру да жоспарлануда. Сондай-ақ орталық жыл сайын 100-ден астам дамуында ауытқушылығы бар балаларға қызмет көрсететін болады.