МӘЖIЛIС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫН ҚАРАУДЫ БАСТАДЫ
Бүгiн Мәжiлiстiң жалпы отырысында бiрқатар заң жобасы жұмысқа қабылданды, деп хабарлайды BNews.kz.
Оның iшiнде «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасы бар. Қарастырылып отырған өзгерiстер дағдарысқа қарсы iс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған. Қаржы және бюджет комитетi аталған заң жобасы 2016 жылғы 18 қазанға дейiн қорытынды әзiрлеуге дайын. «2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы да жұмысқа қабылданды.
Сондай-ақ, депутаттар Ұлттық қордан 2016-2018 жылдары республикалық бюджетке берiлетiн кепiлдендiрiлген трансферттiң мөлшерiн азайтуды көздейтiн заң жобасын қарастырады. Айта кетейiк, таяуда өткен Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында Президент Ұлттық қордағы қаражатты сақтау үшiн трансферттердi қысқартуды тапсырған болатын.
Бұдан бөлек, жұмысқа қабылданған жаңа құжаттардың iшiнде «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017 – 2019 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы», «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2017 – 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заң жобалары бар.
Сондай-ақ, депутаттар «Коллекторлық қызмет туралы» заң жобасы бойынша жұмысты жалғастырады.