ДӘРМЕНСІЗДІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ БАНКРОТ ДЕП ТАНЫЛДЫ
Арыз беруші «Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Ж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне банкроттық рәсімін қозғап банкрот деп тану туралы арызбен сотқа жүгінген.
«Ж» ЖШС-нің Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының 2016 жылғы салыстырмалы актісіндегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетке берешегі – 3665641,94 теңге, оның ішінде бересі – 3034238,86 теңге, өсімпұл – 631403,08 теңгені құраған.
Борышкердің салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша қарыздары 2015 жылдан пайда болған.
Іс құжаттарынан анықталғандай, борышкердің ешқандай дүние мүлкі, тіркеу органдары мен банк мекемесінде тіркелмегені анықталған, яғни «Ж» ЖШС-нің төлем төлеуге қабілетсіз, сондай-ақ жалған және әдейі банкроттықтың белгілері, заңсыз жаслған мәмлелері болмаған.
«Оңалту және банкроттық туралы» ҚР Заңының 5 бабы 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес, салық берешегі бойынша борышкердің филиалдары мен өкілдіктерінің берешегін қоса алғанда, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитор алдындағы міндеттемелері оларды орындау мерзімі басталған кезден бастап төрт ай ішінде орындалмауы және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз елу айлық есептік көрсеткіштен кем емес соманы құрайтын болса, борышкер төлемге қабілетсіз болып табылады деп атап көрсетілген.
Бірінші саты соты, іс бойынша дәлелдемелерді зерттеп, талапты қанағаттандыру туралы шешім шығарды.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық
экономикалық сотының баспасөз қызметі