РЕСЕЙ «ПРОТОН» ЗЫМЫРАНДАРЫН ҰШЫРУ КЕШЕНІН ҚАЗАҚСТАНҒА ТАПСЫРАДЫ
«Ресейғарыш» «Протон» зымырандарын ұшыру кешенін Қазақстанға тапсыру мерзімін келісті, деп хабарлады «Известия» газеті тараптар бекіткен жоспар-кестеге сілтеме жасап. Басылым ақпаратынша, бұл 2020 жылы жүзеге асады.
«Сұңқарды» ұшыру сынақтары 2024 жылы басталуы керек, делінген «Ресейғарыш» құжаттарында. Ал 2025 жылы «Сұңқарды» коммерциялық қолданысқа беру жоспарланған. Коммерциялық қолданысқа беру басталғаннан кейін «Ресейғарыш» гептил жанар-жағар майы құйылатын зымырандарды пайдалануын тоқтатуды ұсынды.
«Бәйтерек» жобасын дамыту және «Протон» зымыран тасығышын түрлендіру аясында «Бәйтерек» қазақстандық-ресейлік бірлескен кәсіпорнына «Протон» ұшыру кешенін тапсыру келісілді. «Протонның» жаңа түрін қолданысқа беруді бастау және нарыққа шығару жоспарланған», - деді газеттің ақпарат көзі.
Оның мәліметінше, оларды 2020 жылы іске қосу мүмкін болады.