МҮГЕДЕК БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз-хатшысы Сейіл Ботакөздің хабарлағанындай, Байқоңыр қаласының прокуратурасы Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Байқоңыр филиалы қызметінде тексеру жүргізді.
Тексеру барысында мекеменің жауапты қызметкерлері мүгедек балалардың өмір сүруіне қажетті құралдармен уақытылы қамтамасыз етпей және ата-аналардың арыздарын қараусыз қалдырып, заңдылықты бұзушылықтарға жол бергені анықталды.
Мысалы, Г.Алдажароваға жеке оңалту бағдарламасы негізінде 2016 жылдың 04 сәуіріне дейін қысқы және жазғы ортопедиялық аяқ киімдерді алып беру қажет болса да, прокурорлық тексеруге дейін республикалық протез-ортопедиялық орталығына қажетті тапсырыс бермеген.
Сондай-ақ, құлағы естімейтін бала М.Енсепбаевтың есту аппараты мерзімінде ауыстырылмағаннан кейін, қолдану мерзімі өтіп кеткен. Ал Д.Даулетов әкесінің мүгедек сәбиді қарау үшін әлеуметтік жеке көмекшімен қамтамасыз ету туралы арызын негізсіз қараусыз қалдырып, заңмен кепілденген көмекшіні тағайындамаған.
Бұдан басқа әлеуметтік көмек көрсету мәселесіне қатысты бес ата-ананың арыздарына жауап жолданбаған.
26.07.2016 жылы Байқоңыр қалалық прокуратурасымен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің филиалына заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізілді.
16.08.2016 жылы ұсынысты қарау нәтижесінде уәкілетті органмен мұқтаж балаларға қажетті көмек көрсетіліп, олардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берген екі лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі