ҚАЗАҚСТАНҒА ӘЛЕМНІҢ ТҮКПІР-ТҮКПІРІНЕН 100-ГЕ ЖУЫҚ ТУР ОПЕРАТОР КЕЛДІ
«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне келушілерді тарту мақсатында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы биылғы жылдың 4-11 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы бойынша ақпараттық турлар өткізді, деп хабарлайды Вnews.kz.
Әлемнің түкпір-түкпірінен 100-ге жуық тур оператор Қазақстанға келді. Іс-шараға Ресей, Қытай, Еуропа, Азия, ТМД елдерінен «Росс Тур», «CITS» «Alessandro Rosso Group», «Monaco Ukraine Group» және т,б, тур операторлар қатысты. Ақпараттық турлар 5 бағыт бойынша (ұлттық парктер мен тарихи-мәдени орындар, космодром т.б.) ұйымдастырылды.
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің мәліметінше, компанияның ақпараттық туры серіктестерін, яғни шетелдік туроператорларды мемлекетіміздің көрікті жерлерімен таныстыруды көздеген болатын. Олар еліміздің батыс өңірі, Ұлы Жібек жолы, Шығыс және Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларын аралап қайтты.
«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің қонақтарына арналған 73 туристік маршрут бойынша жүріп өтті. Сонымен қатар, өңірлердің «Жол картасы» мен визит картасы әзірленді.
ЭКПО-2017 көрмесіне 74 мың билет сатып алуға 5 тур компаниямен келісімшартқа қол қойылды.