ӘРІПТЕСТЕРІ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ РАУАН КЕНЖЕХАНҰЛЫН ШЫҒАРЫП САЛДЫ
Бүгін облыс әкімі Қ.Көшербаев Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген Рауан Кенжеханұлын қызмет ауыстыруына байланысты құрметпен шығарып салды. Естеріңізге сала кетейік, жуырда Рауан Кенжеханұлы Қызылорда облысының әлеуметтік-саяси мәселелерінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған еді.
Аймақ басшысы Рауан Кенжеханұлына облыстың әлеуметтік мәселелерін біржақты етуде жасаған елеулі қызметі үшін үлкен алғысын білдіріп, Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстады.
Рауан Кенжеханұлы еңбек жолын 2001 жылы «Хабар» телеарнасының редакторы, тілшісі лауазымдарынан бастаған. 2005-2006 жылдары - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігіннің баспасөз қызметінің басшысы, Екінші және Бірінші хатшысы. 2006-2008 жылдары - «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ-ның Маңғыстау облыстық филиалының директоры. 2008-2009 жылдары - Маңғыстау облысы әкімінің қоғамдық-саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі. 2011-2014 жылдары - «Bilim Media Group» ЖШС-нің директоры, Қамқоршылар кеңесінің төрағасы. 2014 ж. желтоқсан айынан бастап - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.