АСҚАР МЫРЗАХМЕТОВ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ - АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «А.И.Мырзахметовті Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Асқар Исабекұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалсын», - делінген Жарлық мәтінінде.
Асқар Исабекұлы Мырзахметов 1962 жылы 1 қазанда Шымкент қаласында дүниеге келген. Ауыл шаруашылығы және экономика мамандықтары бойынша білім алған.
1997 жылдан 2006 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Премьер-министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі, бірінші вице-министрі және ауыл шаруашылығы министрі лауазымдарында қызмет атқарған.
2006 жылдың сәуірінен 2007 жылдың қыркүйегі арасында Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі.
2007 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың наурызы аралығында – «Оңтүстік» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы.
2009 жылғы наурыздан 2015 жылғы тамызға дейін - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.
2015 жылғы тамыздан бастап 2016 жылдың мамырына дейін – «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары.
2016 жылдың мамырынан – ҚР ауыл шаруашылығы министрі.
2016 жылдың маусымында Мемлекет басшысының Жарлығымен Премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды (ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі болды).
Таяуда Асқар Мырзахметов «ҚазАгро» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне сайланған болатын.