ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚ ТӘРТІБІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Облыс прокуроры Халидолла Дәуешовтің төрағалығымен заңдылық пен құқық тәртібі және қылмыспен күресті қамтамасыз ету жөніндегі облыстық кеңестің отырысы өтіп, онда мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың есірткі бизнесіне қарсы күрес бағытындағы бірлескен шараларының тиімділігі сөз болды, - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.
Прокуратура мен ішкі істер департаментінің бірлескен сараптама нәтижесі көрсеткендей, бұл орайда кемшіліктер мен пайдаланылмаған мүмкіндіктер бар. Облыс прокуроры атап өткендей, жұмыстың тиісті нәтиже бермеуіне құқық қорғау және уәкілетті органдардың келісімді түрде іс атқармауы себеп боп отыр. Одан басқа, қылмыс туралы бірінші боп хабарлаушыларға қатысты мәселелер көтерілді.
Отырыс барысында ведомствоаралық ақпарат алмасу сапасын жақсарту мақсатында ведомствоаралық топ құру ұсынылды.