БАСПАНА ҚҰРЫЛЫСЫН САПАСЫЗ ЖҮРГІЗГЕН 371 МЕРДІГЕР ҰЙЫМ ЖАЗАЛАНДЫ
«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында сапасыз құрылыс жүргізгені үшін 371 мердігер ұйым жауапкершілікке тартылды.
Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА ресми сауалына ҚР Ұлттық экономика министрлігінен мәлім етті.
«2014 жылғы сегіз айда жүргізілген бақылаудың қорытындысы бойынша, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылаудың облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық органдары салынып жатқан нысандарда мемлекеттік құрылыс нормативтерін бұзғаны үшін 370 мердігер ұйымды әкімшілік жауапкершілікке тартты»,-делінген министрлік мәліметінде. Сонымен бірге құрылыс сапасын ескермегені үшін кінәлілерге қатысты 256 әкімшілік іс қозғалды.
Атап айтқанда, құрылысқа бақылауды бірнеше құрылым жүргізеді. Оның ішінде бұл шараларды құрылысқа тапсырыс беруші, жобаларды әзірлеушілер, аумақтық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары, сондай-ақ салынған нысанды тапсыру кезінде мемлекеттік қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.