ЖАҢА БАСШЫМЕН КЕЗДЕСУ
Қызылорда облысының Әділет департаментінің басшысы Сапаров Қалдыбек Ерубайұлы Қызылорда облысының Әділет органдарын аралады.
Атап айтқанда, облыстық адвокаттар алқасы, Қызылорда облысы сот сараптама институты, РМК «Құқықтық ақпарат орталығы» Қызылорда филиалы, «ҚР Әділет минситрлігінің Сот сараптама медицинасы орталығы» республикалық қазыналық кәсіпорны Қызылорда филиалы, облыстық нотариаттық палата мен Жеке сот орындаушылар өңірлік палатасында болып, қызметкерлермен және жұмыс барысымен танысты. Кездесуде қойылған сұрақтарға Департамент басшысы тарапынан жауаптар беріліп, жұмыс барысында проблемалық мәселелер орын алған жағдайда Әділет органдарының үйлестіру кеңесі отырысында талқыланып, қаралатындығын жеткізді. Қалдыбек Сапаров қызметкерлерге сәттілік тілеп, Әділет органдарының жұмыстарын одан әрі жандандыру үшін жұмыс жасауға шақырды.
Қызылорда облысының Әділет департаментінің баспасөз қызметі
Қызылорда облысының Әділет департаментінің баспасөз қызметі