КҮРДЕЛІ КЕЗЕҢДЕГІ ҮКІМЕТТІҢ БАСТЫ МІНДЕТІ - ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӨМІР САПАСЫН ТӨМЕНДЕТПЕУ – ЕЛБАСЫ
Күрделі кезеңдегі Үкіметтің басты міндеті - қазақстандықтардың өмір сапасын төмендетпеу. Бүгін Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
«Қазіргі жағдайда экономикалық әлемдік ахуал жақсаратыны күтіліп отырған жоқ. Еуропадағы да, Ресейдегі де, төңірегіміздегі барлық жағдай бізге ықпал етпей қоймайды. Дегенмен, соған қарамай, бұған дейін жалпы қазақстандықтардың өмір сапасын төмендетпеуге қатысты шаралар атқарып келеміз. Бұл бағыт жалғасуы тиіс. Ендігі міндет - әлеуметтік ахуалды қарап, алдағы уақытта не істеу керек, қандай жаңа шаралар қамтылуы тиістігін қарастырамыз. Сол үшін кездесіп отырмыз», деді Үкіметтің кеңейтілген отырысын ашқан Президент.
Бұл ретте Елбасы бұған дейін қабылданған жоспарларға, әлемдік ахуалға, соның ішінде көмірсутек шикізатының әлемдік бағасындағы мәселеге тоқтала келе, көптеген елдер күрделі кезеңді бастан кешіріп отырғанын жеткізді. Алайда, бұған қарамастан Қазақстан Үкіметі қиыннан жол тауып, халықтың әлеуметтік жағдайын төмендетпеуге жұмыс істеуі керек. «Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк әлемдік экономика үш пайыздың төңірегінде ғана болады деген болжам жасағанын білесіздер. Мұның бәрі бізге тікелей ықпал етеді. Бүгінгі жиында қазіргі экономиканың ахуалы туралы Ұлттық экономика министрі Қ. Бишімбаев, қаржылық саясат жөнінде министр Б.Сұлтанов баяндайды. Ұлттық банктің төрағасы Д.Ақышев қаржылық несиелік саясат туралы баяндайтын болады», деді Н. Назарбаев.