МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН БАСШЫЛАРЫ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалында облыстық және қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен бөлімінің басшылары, қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры қоғамдық қабылдау өткізіп тұрғындарды қабылдады.
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалында бүгінгі күнге дейін 131 қоғамдық қабылдаулар өткізілген. Оның 59-ы мемлекеттік орган басшыларының қатысуымен ұйымдастырылды. Облыстық және қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен бөлімдері өкілдерінің қатыстырылуымен «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкелері де кестеге сәйкес тұрақты жүзеге асуда. Нәтиже болған соң өтінішпен келетін азаматтардың саны уақыт өткен сайын арта түсуде.
Бүгінде мемлекеттік мекеме басшыларының қоғамдық қабылдауына 30 жуық азаматтар келіп өз өтініштерін білдірді. Азаматтар өтініштерінің басым көпшлігі жұмысқа орналастыру болды.Солардың бірі бастауыш сынып мұғалімі Гүлнар Мәмбетова.
Гүлнар қабылдауға 32 жылдық жұмыс өтілімен жұмыс іздеп келген. Оның айтуынша бірнеше жыл бұрын денсаулығына байланысты өз еркімен жұмыстан босатылған. Енді денсаулығы түзелгесін қайта жұмыс іздеп бірталай оқу орындарына барған. «Қалалық білім бөліміне де бардым. Олар мені мектепке жібереді, ал мектеп болса, қайта білім бөліміне сілтейді. Енді міне, ол жақтардан еш үміт болмаған соңамалсызда «Нұр Отан» партиясынан қолдау күтіп келіп отырмын»-дейді Гүлнар
«Нұр Отан» партиясы қашанда халықпен бірге. Сондықтан біз қабылдауға келген әрбір азаматтың өтініштерін қараусыз қалдырмаймыз. Ең алдымен әлеуметтік осал азаматтарға демеу болып, олардың өтініш тілектерін орындауға мән береміз.Сондықтан бүгінгі қабылдауға облыстық және қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар өкілдерін шақырып та отырмыз. Алдағы уақытта мүмкіндігінше шешуге колдау көрсетеміз»- деді, Гүлнардың өтінішін толық тыңдаған облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдау меңгерушісі Мақсұт Баекеев.
Қабылдау барысында өтініш білдірген азаматтардың бірқатарыбос жұмыс орындарымен қоғамдық негізде жұмысқа орналасуға мүмкіндік алса, қалғандарына кеңестер беріліп, жұмыспен қамту және басқа да әлеуметтік маңызды мәселелердің нормалары түсіндірілді.