БИЫЛ ҚАЗАҚСТАНДА 16 МЫҢ МҰҒАЛІМ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАДЫ
Биыл Қазақстанда 16 мың мұғалім біліктілігін арттырады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Мұғалімдердің жалақысын ғана емес, біліктілігін де арттыру көзделуде. Ұстаздардың дәрежесіне байланысты 30, 70 немесе 100% үстемақы қарастырылған. 2020 жылға дейін мұғалімдердің басым бөлігін курстардан (біліктілік арттыру – агенттік) өткізу жоспарлануда. Курстар ақшаны қажет етеді, сондықтан парламентке бюджетті енгізе отырып, сол қаржыны бөлуді сұралады. Оның көлемі 40 млрд теңгеге жуықтайды екен.
Министрдің айтуынша, былтыр мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарынан 15 мың адам өткен. Биылғы жылы оның саны 16 мыңнан асады деп жоспарлануда.