ҚЫЗЫЛОРДАДА «ЖҰЛДЫЗДАРҒА ҚАРА» ЖОБАСЫ ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА ГРАНТТАР ТАБЫСТАЛДЫ
«Жұлдыздарға қара – Посмотри на звезды» жобасы үш ай бойы Қазақстанның барлық аймақтарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында да өткізілді. Мүгедек-кәсіпкерлердің бизнес-идеясын жүзеге асыруларына берілетін ақшалай гранттың бюджеті2016 жылы 14,4 млн теңгені құрады және бір гранттың сомасы 100 мыңнан 300 мың теңгеге дейін көбейтіліп, гранталушылардың саны 48 адамға дейін артты. Әрбір аймаққа 3 гранттан бөлінген. Қызылорда облысы 4 жеңімпаз анықталған жалғыз аймақ болып отыр.
Қызылорда облысының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерден жобаға қатысуға 20 өтінім қабылданса, соның ішінде 4 жоба қаржыландыруға қолдау тапты. Қызылорда облысы бойынша жеңімпаз атанып, қайтарымсыз грантқа ие болған жеке кәсіпкерлер: Жұмабек Көпбергенов, Бақытжан Жақсылықов, Бибайша Юсупова және Айнаш Ақбергенова.
Жұмабек Көпбергенов, бала кезінен 2-ші топ мүгедегі. Өзінің шағын бизнесін осыдан бір жыл бұрын Шіркейлі ауылында алғашқы, әрі жалғыз дөңгелек жөндеу шеберханасын ашудан бастады. Ұсынылатын қызмет түрлерін арттыру мен кәсіпті кеңейту мақсатында бастауыш кәсіпкер «Жұлдыздарға қара - Посмотри на звезды» байқауына қатысуға өтініш қалдырған болатын. Жоба қорытындысымен Жұмабек Көпбергеновтің бизнес-идеясы қолдау тауып, дөңгелек жөндеу шеберханасына қажетті құрпал-жабдықтар сатып алуға 242 мың теңге қайтарымсыз грант берілді.
Қазалы ауданының кәсіпкері Бақытжан Жақсылықов 3-шітоп мүгедегі. 2005 жылға дейін ол өз мамандығы бойынша ағаш ұстасы болып шеберханада қызмет атқарған. Тұрғылықты табысынан айрылған бес баланың әкесі жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, ұста қызметін көрсете бастады. Даму Қоры мен «Құс жолы» қайырымдылық қоры мүмкіндігі шектеулі кәсіпкердің жобасын мақұлдап, оған ағаш жону станогы мен басқа да бизнесін дамытуға қажетті құрал-жабдықтар алып берді.
Байқаудың тағы бір жеңімпазы Бибайша Юсупова 3 топ мүгедегі. Жобаның басқа жеңімпаздарынан ерекшелігі Бибайша бизнеспен көп жылдар бойы айналысып келеді. 2009 жылы ол киім және басқа да бұйымдар тігетін өзінің шағын шеберханасын. Б.Юсупованың сөзінше қыздың жасауын тігуге тапсырыстар көп түседі, оның ішінде құрақ көрпелер мен жастықтар тігіледі. Кәсіпкердің цехына қажетті торлап тігетін машина мен өзге де құрал-жабдықтарды сатып алуға 300 мың теңге берілді.
Сырдария ауданының тұрғыны Айнаш Ақбергенова да қыз жасауын тігуді кәсіп қылып отыр. 2000 жылға дейін тігін цехында жұмыс жасап, одан соң қысқартуға ілігу салдарынан жұмыссыз қалған. Осыдан соң оған жеке кәсібін ашу туралы ой келеді. А.Ақбергенованың сөзінше тапсырыстар үнемі түседі, алайда олардың барлығын орындауға ескі тігін машинасы мен құрылғылар мүмкіндік бермейді. Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкердің өтінімі бойынша бөлінген гранттық қаражатқа торлап тігетін машина, тігін машинасы, бу үтігі және электр пышағы сатып алынды.