ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРҒЫН ҮЙ НАРЫҒЫНДАҒЫ БАҒА ТӨМЕНДЕДІ – ҰЭМ
2016 жылғы тамызда тұрғын үй нарығындағы баға өзгерді, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі, деп жазады ҚР Премьер-Министрінің «www.pm.kz» сайтында.
2016 жылғы тамызда өткен аймен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 0,2%-ға төмендеді, абаттандырылған және абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату бағалары – өзгеріссіз қалды. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,4-ға өсті.
Тұрғын үй нарығындағы бағаны байқау астанада, Алматы қаласында және облыс орталықтарында құрылыс компанияларын қоса қалалық қор бойынша жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың іріктелген шеңбері бойынша жүргізіледі.