ҚЫЗЫЛОРДАДА «ОТБАСЫ ҮЛГІСІНДЕГІ БАЛАЛАР АУЫЛЫНДА» АКЦИЯ ӨТТІ
Қызылордада облыстық ішкі саясат басқармасы мен Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Тілді сүю - талбесіктен» акциясы ұйымдастырылды.
Акция барысында облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Л.Есімова балалар ауылының тәрбиеленушілері мен ұстаздар қауымын айтулы мерекемен құттықтап, балаларға қазақ тілін үйренуге арналған ертегілер мен 12 оқулықтан тұратын, интерактивті қаламы бар «Даналық әліппесі» электрондық оқулықтарын тарту етті.
Акция соңында балалар ауылының тұрғындары ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, тілдер мерекесіне орай дайындаған өз өнерлерін көрсетсе, қалалық Мәдениет үйінің өнерпаздары балалар ауылының тәрбиеленушілеріне тіл мерекесіне арнаған ән мен жырдан шашуларын арнады.