ЕРКІН ШАЙМАҒАМБЕТОВ ҚАЗҒАРЫШТЫҢ ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Еркін Мұстафаұлы Шаймағамбетов ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп жазады pm.kz.
Шаймағамбетов Еркін Мұстафаұлы 1974 жылы 7 маусымда Қазақ КСР Қызылорда облысы Сырдария ауданының Тастүбек поселкесінде дүниеге келген. Үйленген, бір ұл тәрбиелеуде.
1998 жылы «Ғарыштық ұшу аппараттары және екпіндеткіш блок» мамандығы бойынша Мәскеу мемлекеттік авиациялық институтын бітірді.
1998 жылдың наурызынан бастап Ғылым министрлігі – Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің «Байқоңыр» ғарыш айлағы басқармасында «Байқоңыр» ғарыш айлағы объектілерін пайдалану шарттарын бақылау бөлімінің бас маманы (Байқоңыр қаласы) болып жұмыс істеді. 1998 жылдың қарашасынан бастап аталған бөлімнің бастығы болып тағайындалды.
2005 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті «Байқоңыр» ғарыш айлағы басқармасының бастығы болып тағайындалды.
2006 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
2007 жылдан бастап 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары болып қызмет етті.
2014 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Марапаттары бар: «Ерен еңбегі үшін» медалі, мерейтойлық медальдар.