КІТАПХАНАДАҒЫ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ
Еліміздегі Отбасы күні және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толу мерекесі аясында ағымдағы жылдың қыркүйек айының 6-да қаладағы «Ә.Тәжібаев атындағы кітапханада» ашық есік күні ұйымдастырылып, оған Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қатысты. Онда кітапхананың қызметімен танысып, түрлі саладағы кітаптарды парақтады. Атап айтсақ, арнайы жабдықталған кабинеттері, оқырмандарға қызмет көрсететін 9 бөлім және 7 секторы ерекше назар аудартты.
Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана алдыңғы қатарлы зиялылар мен ауқатты қазақтардың қаржыларынан ұйымдастырылған. 1917 жылға дейін қалалық көпшілік кітапхана қызметін атқарған. 1938 жылы Қызылорда өз алдына бөлініп, облыс орталығы болғаннан кейін, облыстық кітапхана қайта құрылды. Оның алғашқы директоры болып Л.И.Дмитриева тағайындалды.1973 жылы кітапхана Ыбырай Жақаев көшесіндегі 930 шаршы метрлік мекен-жайға көшірілді. Оқырмандарға 70 орындық оқу залы ашылды.1983 жылы облыстық кітапхана болып қайта құрылып, жазушы Максим Горький есімі берілді. Уақыт өте еліміз егемендік алғаннан кейін 1999 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының білім және мәдениет мекемелеріне есімдер беру және оларды қайта атау туралы» қаулысына байланысты облыстық әмбебап кітапханасына халық жазушысы, ақын Ә.Тәжібаевтың есімі берілді. Қазіргі таңда кітапхана заманауи компьютерлік құрал-жабдықтармен жасақталған, тұтынушылардың жас ерекшеліктеріне қарамастан барлық санаттарына қызмет көрсететін өңірдегі ең ірі ақпараттық мәдени орынға айналып отыр. Ғимараттың жалпы алаңы 8413,5 шаршы метрді құрайды. Кітапхана ғимараты негізгі 3 қабаттан, цокольді және техникалық қабаттардан тұрады. Цокольді қабатта кітап қорларын сақтау және қосалқы қызмет көрсету бөлмелері орналасқан.
Қызылорда облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы