ҚАЗАҚСТАНДА СОТТАЛҒАНДАР ҮШІН ТУҒАН-ТУЫСТАРЫМЕН SKYPE АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСУ МҮМКІНДІГІ ЕНГІЗІЛМЕК
ҚР Ішкі істер министрлігі сотталғандар үшін туған-туыстарымен Skype арқылы сөйлесу мүмкіндігін енгізуді жоспарлауда. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.
Қазіргі уақытта министрлік жобаны енгізудің бірнеше нұсқаларын қарастыруда: Skype немесе өзге де IT-технологиялар арқылы.
«Мысалы, сотталған Астанада тұрады, бірақ Оралда қылмыс жасап, сонда жазасын өтейтін болды. Немесе Астанада сотталды, бірақ қалада жалпы режімді түрме жоқ, оны Степногорға жіберді. Туған-туыстары ары-бері жүрмеуі үшін, шығын болмай, Skype қойып қойса, онлайн арқылы сөйлесе береді», - деді Р. Жақыпов тілшілерге берген сұхбатында.
Оның сөзіне қарағанда, бұл сотталған азаматтар үшін жанұясымен байланыс үзбей, әрдайым сөйлесіп тұруға мүмкіндік ашады.
«Кездесуге тек екі адамнан келе алады, ал мында барлық отбасымен көрісуге мүмкіндік туады. Еш шығын да болмайды», - дейді вице-министр.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта тиімді технологияны анықтап, заңға тиісті өзгерістер енгізу ғана қажет.
«Біз бұны бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясына енгіздік, бюджетте мұны ескереміз, оны заңнамалық тұрғыда бекітеді. Меніңше, әлеуметтік байланыстан ажырамау үшін бейне конференция өте тиімді жол», - деп түйді сөзін Р.Жақыпов.