НАЗАРБАЕВ: МЕМЛЕКЕТТІК АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ МЕНІҢ МҰҚИЯТ БАҚЫЛАУЫМДА
ҚР Презизиденті Нұрсұлтан Назарбаев ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы тиімді ақпараттық саясатты жүргізіп, елдің медиа кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды екенін атап өтті.
"Қайта құрылған министрліктің маңызы зор. Бүгінде басты міндеттердің бірі - ақпарат кеңістігіндегі түрлі қатерлерге тиімді қарсылық көрсету. Сондай-ақ, мемлекеттің экономикалық өсім мен халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша қабылдап жатқан шараларын халық арасында түсіндіру жұмыстарын лайықты деңгейде жүргізу керек", - деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев министрліктің кадр құрамын құруда мұқият болуға назар аударды.
Өз кезегінде ақпарат және коммуникация министрі БАҚ жұмысының тиімділігін арттыру бойынша жүзеге асырылып жатқан шараларды баяндады. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді халыққа "бір терезе" ұстанымы бойынша көрсету туралы айтып берді.