ҚЫЗЫЛОРДАДА КҮРІШТЕН РЕКОРДТЫҚ ӨНІМ ЖИНАЛМАҚШЫ
Сыр өңірінің диқандары күріш дақылынан рекордтық өнім алуды көздеп отыр. Осы уақытта олар бітік шыққан өнімді уақытылы әрі ысырапсыз жинап алуға білек сыбана кірісіп кетті, деп хабарлады «Қазақстан» ұлттық арнасы.
Ырысты өңірдің солтүстік аудандарында жайқалған күріш танаптарына жаппай орақ салды. Қазалыдағы «Сыр маржан» серіктестігі биыл 7000 га жерге сыр маржанын өсіріп, «Алтын күзге» мол ырзық несібесімен жетіп отыр. Ала жаздай дала төскейінде тер төккен диқандар қауымы егіннің шығымдылығы жылдағыдан әлдеқайда жоғары дейді.
Қармақшылық шаруалар да жиын-терім науқанында таңның атысы мен күннің батысына дейін егіс алқабында тынбай еңбек етуде. Ең бастысы, егін бітік шықты, енді өнімді мол алу керек. Бүгінде өңірдегі 80000 гектарға жуық күрішті алқапта жиын-терім науқаны қарқынды жүріп жатыр. Дала жұмыстарына төрт мыңға жуық ауылшаруашылығы техникасы жұмылдырылып, арзан жанар-жағар маймен толық қамтамасыз етілді. Мамандардың болжамы бойынша, биыл сыр диқандары тағы рекордтық межені бағындырып, мол өнімге кенелмек.