ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ ҚЫЗЫЛОРДАДА ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУДЫ БАСТАДЫ
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қызылорда қаласындағы өз салымшылары арасында «Бәйтерек Девелопмент» АҚ желісі бойынша несиелік тұрғын үйге өтініштерді қабылдауды бастады.
«Жаңа тұрғын үйлер «Сәулет» ықшамауданында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатыр. Бұл 7 нысан жалпы көлемі 20 мың шаршы метрді құрайтын 350 пәтерден тұрады. Құрылыстың аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың қазан айы деп белгіленді. Пәтерлер 1 шаршы метр үшін 143 мың теңге бағамен, таза әрленген күйінде өткізіледі»,-деп атап өтілген таратылған мәліметте.
Естеріңізге сала кетейік, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» Инфрақұрылымдық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бәйтерек Девелопмент» АҚ-ның түрлі құрылыс жобаларын іріктеу үстінде. Қазіргі таңда, елдің әр өңірінен 10 несиелік тұрғын үй құрылыс жобасы іріктелді.
Атап айтқанда, Ақтау қаласында 1 шаршы метрі 153 теңгеден тұратын, 540 пәтерлі 34 167 шаршы метр тұрғын үй салынатын болады. Ал, Атырау қаласында шаршы метрі үшін бағасы 152 мың теңге болатын 245 пәтер беріледі. Алматы қаласына келетін болсақ, Банк салымшыларына «Әйгерім-2» ықшамауданынан жалпы аумағы 37 353 ш.м. құрайтын несиелік тұрғын үй салынбақшы. Бұл дегеніміз - 636 пәтер, ал шаршы метрі үшін бағасы 199 900 теңгені құрайтын болады. Бұдан бөлек, құрылыс Қызылорда, Семей, Орал, Өскемен және Екібастұз қалаларында жүргізілмек. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Байтерек Девелопмент» АҚ басқа да жобаларын бекітуіне қарай осы тізім үнемі кеңейтіліп, толықтырылып отырады.