ЕСІМОВ: БАЙҚОҢЫРДЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ОБЛЫСТАҒЫ БАРЛЫҚ МҰНАЙ КЕН ОРЫНДАРЫНАН ДА АРТЫҚ ТАБЫС ӘКЕЛЕР ЕДІ
Байқоңыр ғарыш айлағының туристік әлеуеті Қызылорда облысындағы барлық мұнай кен орындарынан да артық табыс әкелер еді. Бүгін «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Қоғамдық кеңестің үшінші отырысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов осылай мәлім етті.
Кеңес барысында сөйлеген компания басшысы халықаралық көрменің «Болашақ энергиясы» атты тақырыбына әлемдік қызығушылық артып отырғанын айтты.
«Бұл тақырып әлемдік экономиканы күйзелте бастаған жаһандық дағдарыс аясында да өзекті болып отыр. Өйткені, бүгінгі дағдарыс көмірсутек шикізаттарына әлемдік бағаның құлдырауы салдарынан орын алғаны белгілі. Сондықтан да, балама энергетика бүгінгі әлемнің ең өзектісі. Бір ғана мысал: дағдарыс салдарынан мұнай және газ секторына инвестиция 450 млрд долларға тежелген. Ал керісінше, былтырғы жылы жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция салу 339 млрд долларды құрады», - деп атап өтті А.Есімов.
Оның айтуынша, жалпы энергетика үлесінде жаңартылатын энергияның үлесі 15 пайыз болса, 2050 жылға қарай бұл 50 пайызға жететін болады. Сонымен қатар, Косто-Рика секілді мемлекеттер 100 пайыз жаңартылатын энергетикаға көшіп отыр. Бұдан бөлек, Финляндия бұған дейін халықаралық көрмелерге негізінен бір павильонда басқа бір мемлекетпен бірлесіп қатысатын еді. «ЭКСПО-2017» көрмесінің тақырыбына қызығушылық білдірген олар келесі жылы өз алдына жеке павильон сұраған.
«ЭКСПО - туризм әлеуетіне жол ашатын даңғыл болуы керек. Мен жақында біздің Байқоңырды Американың Канаверал мүйісіндегі айлақпен салыстырған мақаланы оқыдым. АҚШ айлағына жыл сайын 3 млн турист келеді екен. Егер әрбір турист орта есеппен мың доллар «қалдыратын» болса, онда 3 млн туристі көз алдыңызға елестетіңізші? Біздің Қызылорда облысындағы Байқоңырға осыншама турист келетін болса ше? Жалпы Байқоңыр әлеуеті облыстағы Құмкөл секілді басқа да барлық мұнай кен орындарынан да артық табыс беретін еді», - деді А. Есімов.