«КӨКЖИЕК» ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМ БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ
«Көкжиек» қоғамдық ұйымы үйден оқытылатын балаларға қуаныш сыйлап, мектеп құралдарын алып берді. «Сәлем, мектеп!» деп аталатын қайырымдылық акциясы Тасбөгет кентіндегі С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде өтті.
«Көкжиек» қоғамдық қорының төрайымы Айман Тұрбаева балаларды жаңа оқу жылымен құттықтап, дендеріне саулық, оқуда озат болуын тіледі.
Акция Қызылорда облысының Азаматтық Альянс ассоцациясының жүзеге асыруымен, әлеуметтік «Социум» жобасы аясында өтті.
- Балаларға қамқорлық жасау ұдайы мемлекетіміздің назарында екенін ескере кету керек, - деді ассоциация төрайымы Ақтолқын Сунгур. – Біз жасаған сыйлық арқылы балалар мен олардың ата-аналарын қуанта алғанымызға қуаныштымыз. Жасыратыны жоқ, бүгінде бір баланы мектепке дайындау оңай емес, сондықтан бұл балалар мен ата-аналарға жасалған қамқорлық.
Бұл күні мектепке қажетті құралдар толған сөмкені 21 балаға табыстады.
Шынар БЕКБАН