«МҮГЕДЕКТЕРГЕ КЕДЕРГІСІЗ ОРТА» АТТЫ АКЦИЯ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
Қызылорда облысы бойынша арнаулы әлеуметтік көрсету саласында 18 және мүгедектерді әлеуметтік қорғау бағытында 19 заңдылық талаптарының бұзылу фактілері анықталып, жол берілген бұзушылықтары үшін лауазымды тұлғаларға 212100 тенге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы міндетін атқарушы Лиман Боранбаева мәлімдеді.
Л.Боранбаеваның айтуынша, сонымен қатар 21 жауапты қызметкерлерге түрлі тәртіптік шаралар көрілген.
- Мүгедектерге қатысты заң бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу мақсатында «Нұр Отан» партиясымен және мүгедектер қоғамдық бірлестіктері өкілдерімен бірлесе отырып «Мүгедектерге кедергісіз орта» атты акция жалғасын табуда. Акция аясында азаматтардың өтініші бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп? 5 объектінің мүгедектерге бейімделмегендігі анықталды. Қазіргі таңда оларды жою жөнінде белгіленген мерзімімен ұйғарымдар берілді, - дейді департамент басшысының міндетін атқарушы.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА