ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА КҮН ЖЫЛЫ БОЛАДЫ
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, тек солтүстік және оңтүстік-батыста атмосфералық ағымдардың өтуінен жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Солтүстікте түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазгидрометтің ақпаратынша, Ақмола, Қостанай облыстарында түнде және таңертең тұман түседі, кейбір елді мекендерде найзағай жарқылдайды, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында жел тұрып, тұман түседі деп күтілуде. Павлодар, Карағанды, Шығыс Қазақстан өңірлерінде күндіз жел соғады. Алматы облысында аптап ыстық күтіледі. Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарының кей аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.