ҚР ДСӘДМ ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ҚР-дағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу (әрі қарай - МӘМС), «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» (әрі қарай – «ЖҚЖК 2020») бағдарламасын жүзеге асыру және ҚР-дағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша журналистер арасында үздік жарияланымдар республикалық байқауын өткізеді.
Байқаудың негізгі мақсаты – «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бағыттарын жүзеге асыру туралы жергілікті халықты кеңінен хабардар ету, азаматтарды халықты жұмыспен қамту белсенді шараларына қатыстыру, МӘМС-ті енгізу мен ҚР-дағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдірудің негізгі артықшылықтары, сонымен қатар, аталған жаңалықтарға қоғамның оң көзқарасын қалыптастыру.
Байқауға мерзімді басылымдарда немесе интернет ресурстарында, телеарна және радиода ағымдағы жылдың қыркүйек-қараша айларында жарық көрген БАҚ материалдары қатыса алады.
Байқауға ұсынылатын жұмыстар 1 қыркүйектен 30 қарашаға дейін төмендегі мекен-жай бойынша қабылданады: Астана қ., Орынбор көшесі 8, 6 кіреберіс, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (пошта арқылы немесе «Баспасөз қызметіне, байқау жұмыстары» белгісімен қоғамдық қабылдау бөліміне өткізуге болады).
Байқау жеңімпаздары 3 номинация бойынша анықталады: «ҚР-дағы МӘМС-ті енгізу бойынша үздік жарияланым», «ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша үздік жарияланым», «ҚР-дағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жаңғырту бойынша үздік жарияланым».
Байқау қорытындысы 2016 жылғы 15 желтоқсанға дейін анықталады. Жеңімпаздарға ақшалай сыйақы табысталады.
Байқау ережесі ұсынылады.
polozhenie_o_konkurse_mzsr_rk_sredi_zhurnalistov_1.doc