КЕЗЕКТІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Жаңадан реформаланған Қылмыстық кодексті, Қылмыстық-процестік кодексті, Қылмыстық-атқару кодексті және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті талқылап, насихаттау, заңнамалардың сапалы енгізілуіне бақылау жасау мақсатында бүгінгі интернет конференцияда Қызылорда ОІІД Тергеу басқармасының бастығы, әділет полковнигі Музаппар Нұржанов сұрақтарға жауап берді. Келіп түскен барлық сұрақтардың саны – 9.
- Түбегейлі жаңа редакциядағы кодекстер қабылданған екен. Бұл кодекстерді қабылдаудың маңызы, мақсаты не? Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерінің қазіргі қолданыстағы кодекстерден ерекшеліктері қандай? Соған нақтырақ тоқталып өтсеңіз.
- Иә, ағымдағы жылдың маусым, шілде айларында жаңа редакциядағы 4 кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, қабылданған болатын. Бұл кодекстерді әзірлеудің негізгі мақсаты – қылмыстық процесті оңайлату және үнемділігін арттыру, оны халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру және азаматтардың конституциялық құқықтарын неғұрлым толық қорғау болып табылады.
Қолданысқа енетін жаңа заңнамаларды салыстыра отырып, жаңа заңнамада кейбір қылмыстар үшін тағайындалатын жазалар жеңілдетілсе, кейбір аса ауыр қылмыстар бұрынғыдан да қатаңдатылғанын атап көрсетуге болады. Мәселен, жаңа Қылмыстық кодекстің көптеген баптарында жаза ретінде айыппұл салу және түзеу жұмыстарына тарту қарастырылған. Яғни, заң шығарушы бұл нормаларды жаңа кодекске енгізе отырып, қылмыстық жазаны ізгілендіру бағытына бет бұрып, қылмыс жасаған адамды бас бостандығынан айырмай, түрме орындарындағы адамдар санын азайтып, жаза ретінде сотталушының каржылық жағдайына әсер ету немесе түзеу жұмыстарына тарту арқылы жаза өтеушіге оң әсер етуге бағыт жасалған.
Сондай-ақ, жаңа Қылмыстық кодексте ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар мен медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар жөнінде жаңа тараулар енгізілген.
Осымен бірге, жаңа Қылмыстық-процестік кодекс бойынша, қылмыстық процесті жүргізудің жаңа формасы пайда болып, оның басты өзгешелігі қылмыстық іс қозғау түсінігі алынып, оның орнына сотқа дейінгі тергеу-тексеру жүргізу тәртібі пайда болып отыр.
- Бір сөзіңізде «енді қолданысқа енетін кодекстер» деп айтып өттіңіз. Сонда бұл кодекстер қолданысқа қашаннан бастап енеді?
- Жоғарыда аталған кодекстер 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енетін болады. Жаңа кодексті қолданғанда қиындықтар туындамауы үшін тергеушілерге осы жаңа кодекстер аясында жұмыс жүргізуді үйретіп, қылмыстық іс-әрекеттер бойынша оқытылуы тиіс қой. Бұл, әрине, біраз уақытты қажет етеді. Сондықтан құқық қорғау органдары қызметкерлері жаңа кодекстерді практикада қолданатын болады.
- Бұрынғы кодекстің де, жаңа редакциядағы кодекстің де негізгі мақсаты азаматтарымыздың құқығын қорғау екені сөзсіз. Ал, халық бұл кодекстерге өзгерістер енгізіліп жатқанынан хабардар ма? Халық арасында және құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында осы кодекстерге енгізілген өзгерістер жайлы қандай ақпараттандыру, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр?
- Дұрыс айтасыз. Әр адам өз құқығын білуге міндетті. Осы бағытта, ҚР ІІМ-нің тапсырмасына орай, аталған заңнамаларды қолданысқа сапалы түрде енгізіп, халықты жаңа редакциядағы кодекстердің артықшылығымен таныстыру мақсатында Қызылорда ОІІД тарапынан жұмыс жоспары бекітілген болатын. Осы жоспар негізінде бірнеше іс-шара жүргізіліп жатыр. Атап айтар болсақ, ағымдағы жылдың 11 тамызына дейін Қызылорда ҚІІБ және барлық аудандық ІІб-не іссапармен шығып, жаңадан қабылданған кодекстер жөнінде түсіндірме дәріс оқылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал, 2014 жылдың 7 және 12 тамызында жаңадан редакцияланған кодекстерді жеке құрамға түсіндіру мақсатында ішкі істер органдары қызметкерлері қатысқан семинар-кеңестер, селекторлық режимде сабақтар ұйымдастырылды. Ал қыркүйек айында барлық құқық қорғау органдарының, яғни прокуратура, сот, төтенше жағдайлар департаменті, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің және ЖОО оқытушылары мен мемлекеттік емес ұйымдардың мамандарының қатысуымен семинар-кеңес өткізілді. Бір айта кетер жайт, біздің тарапымыздан ұйымдастырылған барлық түсіндірме жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа құлақтандырылып отыр.
- Орынды екен. Енді кодекстердегі өзгерістерге қайта оралсақ… Жаңадан қабылданған кодекс бойынша азаматтардан түскен арыз-шағымдардың тіркелу тәртібі қалай жүргізіледі? Бұрынғыдай ма? Әлде өзгерістер бар ма?
- Ішкі істер бөліністеріне түскен әртүрлі нысанда қылмыс туралы хабарламалар, арыз-шағымдар және өзге де хабарламалардың барлығы кезекші бөлімдерде құжаттарды тіркеу кітабына тіркеледі. Содан нақты қылмыс белгілері бар арыз-шағымдар электронды форматтағы сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіміне енгізіледі. Бұл дегеніміз – аталған арыз-шағым бойынша сол мезеттен бастап қылмыстық іс козғалып, оған тіркеу нөмірі берілді деген сөз. Жаңа Қылмыстық-процестік кодекстің талабына сәйкес, қылмыстық қудалау органы қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шығармай, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізеді. Барлық нысанды статистикалық карточкалары электронды форматта жүргізіледі, қағаз түріндегі карточкалар енді болмайды.
- Қазіргі қолданыстағы Қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша қылмыстық істі сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен сотқа жолдау практикасы жүргізілуде, ал жаңа қабылданған қылмыстық-процестік кодексте бұл жөнінде қандай өзгерістер енгізілген?
- Дұрыс айтасыз, қазіргі қолданыстағы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талабына сай, онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстар, сондай-ақ ауыр қылмыстар бойынша, егер жинақталған дәлелдемелер арқылы қылмыс фактісі және оны жасаған адам белгілі болса, ол адам дәлелдемелерге, өзінің кінәсін келтірілген зиянның сипаты мен мөлшеріне дау айтпай өз кінәсін толық мойындаса, тергеу алды тексеру әрекеттері он тәулікке дейінгі мерзім ішінде жүргізіліп, аяқталып, іс прокурорға тапсырылуы тиіс болатын.
Ал, жаңа Қылмыстық-процестік кодекс бойынша, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар, сондай-ақ ауыр қылмыстар бойынша, егер жиналған дәлелдемелермен қылмыс фактісі мен оны жасаған адам, оның өз кінәсін толық мойындағаны, келтірілген залал (зиян) мөлшерімен (сомасымен) келіскені анықталса, бұл жөнінде күдіктіні хабардар ете отырып және оған бұл шешімнің құқықтық салдарын түсіндіре отырып, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру он бес тәулік ішінде аяқталуға тиіс деп өзгертілген.
- Түсінікті. Ал, қозғалған қылмыстық істердің тергелу тәртібіне өзгерістер енгізілді ме?
- Иә, қылмыстық істі тергеу тәртіптеріне де біраз өзгерістер енгізілді. Мәселен, түскен арыз-шағымдар мен хабарламаларда қылмыстың белгілері бар-жоғын тексеру қажет болған жағдайда тергеуші немесе анықтаушы қылмыстық құкық бұзушылық іздерін анықтау және бекіту бойынша кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізіп, осыдан кейін ғана құжаттарды сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіміне тіркеп, қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерін жалғастырады. Ал, егер де қылмыс құрамы анықталмаса, бұл құжаттарды сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіміне тіркемей, 3 тәулік ішінде номенклатуралық іске жолдайды.
Тағы бір өзгеріс, бұл жаңа Қылмыстық-процестік кодексі бойынша, тергеу органынан қашықта, яғни басқа аумақта жүрген адамнан жауапты қашықтан, яғни бейнекамералар мен жаңа технологиялардың көмегімен алу мүмкіндігі қарастырылған.
- Жаңа Қылмыстық-процестік кодекстің талабына сәйкес сот тарапынан қылмыстық істер қосымша тергеуге қайтарылады ма?
- Орынды сұрақ. Сот органынан қылмыстық істер қосымша тергеуге қайтарылмайды. Себебі, ол жақта қылмыстық істер бойынша тек айыптау немесе ақтау үкімдері шығарылатын болады.
Сонымен қатар, прокуратура органына қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтару функциясы қалдырылғандығын атап өтуге болады.
- Қазіргі қолданыстағы Қылмыстық іс жүргізу кодекстің талабына сәйкес, қылмыстық іс аяқталғаннан кейін айыптау қорытындысымен прокуратураға жолданады, ал жаңа қылмыстық-процестік кодекстің талабына сай қандай тәртіппен жолданады және қандай жеңілдіктері қарастырылған?
- Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысқаннан және олардың өтінішхаттарын шешкеннен кейін айыптау актісін жасайды.
Айыптау актісін жасау тәртібі, бұрынғы айыптау қорытындысын жасау тәртібімен айтарлықтай өзгерістерге ұшырамаған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам айыптау актісін жасағаннан кейін оны қылмыстық іспен бірге прокурорға жолдайды.
Айыптау актісіне тіркелетін құжаттар қатарында бұрынғы құжаттармен қатар «туу туралы актілік жазбасы» қарастырылған, бұл дегеніміз күдіктінің жеке басын куәландыру барысында тергеушілер мен анықтаушыларға біраз жеңілдік қарастырылған есебі.
- Қолданыстағы және Жаңа кодекстерде аса ауыр қылмыстарды жасаған тұлғаға қатысты жаза қолдану санкцияларда өзгерістер енгізілген бе?
- Жаңа кодексте аса ауыр қылмыстар бойынша тек кейбір баптарда жаза қолдану санкциялары күшейтілген. Мәселен, адам өлтіру жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар қылмысына жатады. Қазіргі қолданыстағы Қылмыстық кодексі бойынша 96-бабының 1-бөлігінде адам өлтіргені үшін алты жылдан бастап бас бостандығынан айыруға жазаланады, ал жаңа кодекс бойынша 99-бабының 1-бөлігінде адам өлтіргені үшін сегіз жылдан бастап бас бостандығынан айыруға жазаланады деп өзгертілген, яғни жазаны ауырлатқан.
- Оқырмандардың сауалына жауап бергеніңіз үшін рақмет!