ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 15 ЖЫЛ ІШІНДЕ 171 БІЛІМ НЫСАНЫ БОЙ КӨТЕРДІ
Қызылорда облысы әлеуметтік даму саласында өзіндік рекорд орнатты – 15 жыл ішінде өңірде 171 білім нысаны салынған, деп хабарлайды BNews.kz.
«Соңғы 15 жылда аймақта 171 білім нысаны бой көтерді. Биыл 4 мектеп пен екі балабақша салынды», - дейді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов.
Қызылорда облысы әкімдігінің ақпаратынша, өңірде апатты мектептер мәселесі шешімін тауып келеді. Аталған проблеманы шешу үшін облыстық бюджеттен 5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.
«12 апатты мектептің орнына жаңалары бой көтеруде, 5 ғимарат жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Келесі жылдың бірінші жартыжылдығында қалған мектептердің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр», - деді Рүстемов.
Сыр өңірінде 2016-2017 оқу жылында 299 мектеп жұмыс істейді. Олардың барлығы оқу процесіне дайын екенін туралы акті алған. 766150 оқулық сатып алуға 663 млн теңге жұмсалды. Облыс аудандары мен Қызылорда қаласына оқулықтар толығымен жеткізілді.