«БАЙҚОҢЫРДА» 6 МЕКТЕП ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫНА КӨШТІ
1 қыркүйектен «Байқоңырда» 6 мектеп қазақстандық білім беру стандартына көшті. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов мәлім етті.
«Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Байқоңыр қаласындағы 6 мектеп пен 1 балабақша қазақстандық білім беру стандартына көшті. Барлығына да облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, жаңа материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілді. Онда жұмыс істейтін ұстаздардың жалақысы ресейлік стандартпен есептелінген бұрынғы айлықтарынан өскендігі байқалады. Қазір Байқоңырдағы 6 мектепте 4755 бала білім алып, ал 1 балабақшада 177 бала тәрбиленуде», - деді ол.
Р.Рүстемовтің айтуынша, бүгінде Байқоңыр қаласында 40 мыңнан астам Қазақстан азаматы тұрып жатыр.