ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ АГРАРИЙЛЕР ҮШІН СУБСИДИЯЛАР КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙТЫЛДЫ
Қызылорда облысында көкөніс пен жеміс-жидек өсіруде ылғал сақтаушы технологияларды пайдаланатын және су үнемдеу негізінде жемшөп пен бақша дақылдарын өсіретін шаруалар үшін субсидиялар көлемі 8,8 есе ұлғайтылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Ағымдағы жылы субсидия нормалары негізгі көкөніс, жеміс-жидек, жемшөп түрлеріне ұлғайтылды. Субсидиялар көлемін ұлғайтудың басты мақсаты – егістік жерлерді кеңейту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және облыста мал басы санын ұлғайту болып табылады. Мал шаруашылығын дамыту үшін жемшөпті көп егу қажет» - деді Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы басқармасының техникалық саясат бөлімінің басшысы Шәкірбай Оралбеков.