СУИЦИДТІ НАСИХАТТАЙТЫН 13 ҚОҒАМДАСТЫҚ АНЫҚТАЛДЫ
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз-хатшысы Сейіл Ботакөздің хабарлағанындай, - Өзіне-өзі қол жұмсау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Суицидке баруға әсер ететін себептерді зерделеу барысында әлеуметтік желілердің көп ықпал ететіні анықталды. Мониторинг көрсеткендей, жасөспірімдердің басым көпшілігі бос уақытында «ВКонтакте» әлеуметтік желісіне көп назар аударады.
Облыс прокуроры Халидулла Дәуешов, осы ретте Қызылорда қалалық прокуратурасымен «ВКонтакте» интернет-ресурсындағы жүргізілген мониторинг нәтижесінде жасөспірімдерді суицидке итермелейтін, оны насихаттайтын 13 қоғамдастық (сообщества) анықталып, онда қалада орналасқан 26 орта мектептің 47 оқушысы аталған парақшаларға жазылғандығы немесе жиі кіргендері белгілі болғанын атап өтті.
18.08.2016 жылы қалалық прокуратурамен облыстық байланыс және ақпараттандыру инспекциясына аталған қоғамдастықтарға шектеу қою туралы талапнама жолданды. 18.08.2016 жылы инспекцияның жауабына сәйкес, аталмыш сайттарға шектеу қойылды.
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі