NASA СПУТНИК СУРЕТТЕРІНЕН АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ҚАЛАЙ ТАРТЫЛҒАНЫН КӨРУГЕ БОЛАДЫ
NASA-ның бірнеше спутник суретінен Арал теңізі су деңгейінің қалай тартылғанын көруге болады. Бұл үлкен экологиялық апатты жұрт Чернобыльмен салыстырады, деп хабарлайды BNews.kz. NASA-ның Terra спутнигі ғарышта 14 жылдан астам уақыт жүр. Ол 2000 жылдан бері Жерге Арал теңізінің суреттерін жіберіп отырған.
1960 жылға дейін Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында, ортаазиялық шөл дала орталығында орналасқан Арал теңізі әлемде көлемі бойынша төртінші орында болған. Бірақ, қазіргі таңда судың алғашқы көлемінің тек 10% қалған. 1960 жылдан бастап теңіз суының көлемі жылдам азая бастады. Бұған теңізге ағатын Әмудария мен Сырдария өзендерінен тамшылап суару мақсатымен судың алынуы себеп болды.