«БҰЛ ЖҰМЫС ЖЫЛУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНЫҢ ТОЗУЫН 43,9 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕТЕДІ»
Қызылорда облыстық мәслихатындағы «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясы жанынан құрылған тұрғын үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту бағыты бойынша комиссия мүшелері мен партия филиалының партиялық бақылау инспекторы, облыстық мәслихат депутаттары Қызылорда қаласындағы«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жүзеге асып жатқан «ЖК-9» мен «ЖК-15А» аралығындағы магистралды жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстарын қадағалады.
Мақсат – «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан бөлінетін қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылау. Бұл аралықтағы жылу желілерін жаңғырту жұмыстарын 30 жылдан астам тәжірбиесі бар «Механизатор» ЖШС жүзеге асыруда. Қуатылығы 1,615 шақырымды құрайтын аталмыш жобаға Ұлттық қордан 319 млн. 878 мыңтеңге қаржы қаралып, қазіргі уақытта жаңғырту жұмыстарының 85 пайызы орындалған.
«Бұл жұмыс қаладағы жылу құрылғыларының тозуын 43,9 пайызға төмендетеді», - деді рейд барысында «Қызылорда жылу электр орталығы»мемлекеттік коммуналдық мекемесі, жылу жүйелері филиалының директоры Өтеулі Ахметов.
Жұмыс барысымен мұқият танысқан комиссия мүшелері оң бағасын берді. Облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясы жанынан құрылған «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту» бағыты бойынша комиссияның төрағасы Темірхан Әлімқұлов өз сөзінде: «Қызылорда қаласында жылу желілерінің бірқатары 30-35 жылдан бері жаңармаған. Олар жылу маусымында көптеген кедергілер келтіреді. Біздің мақсат – кемшілік табу емес, бірлесе жұмыс атқарып, жобаның сапалы әрі мерзімінде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету» деп атап өтті.
Жалпы, 2016 жылға Қызылорда облысы бойынша жылу және сумен қамту желілерін жаңғыртуға «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Ұлттық қордан 4,8 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде Қызылорда қаласының жылу желілерін жаңғырту үшін 7 жобаға 997 млн теңге қаралып, қазіргі таңда 797,7 млн теңгесі толық игерілді.